Чехия парламенті жас әкелерді демалысқа шығару бастамасын мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехия парламентінің депутаттары нәресте туғаннан кейін әкелерге бір апталық демалыс енгізу туралы заңнамаға түзетуді қабылдады.

«Жас әкелер әйелі босанғаннан кейін алты аптаның ішінде бала күтімі бойынша бір апталық демалысты пайдаланған болар еді. Бұл ретте аналары сияқты жалақының 70 пайызы сақталады. Заңға түзету енгізу мақсаты әкелерді жас нәресте күтіміне белсенді қатысуына ынталандыру болып табылады», - деп хабарлады елдегі республикалық телеарна.

Заң жобасы парламенттің жоғары палатасы мен сенатта  талқылануы тиіс,  сосын республика президентіне қол қоюға ұсынылады.

 

Соңғы жаңалықтар