Чехия мен Қазақстан іскерлік кеңес құру жөнінде меморандумға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехия астанасы Прага қаласында ҚР ИДМ вице-министрі Ерлан Хаиров пен Чехия Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Йиржи Колиба мырзаның қатысуымен екі елдің бизнес-форумы өтті.

Бұл туралы ҚР ИДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Форумға 100-ден астам чех және қазақстандық бизнес өкілдері қатысты. Бизнес-форум аясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, өнеркәсіп, сақтандыру және сауда салалары талқыланды.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров атап өткендей, Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал орнаған. Екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективті салаларына негізінен көлік тасымалы, инженерлік, энергетикалық, инновациялық салалар және де ауыл шаруашылығы кіреді.

Чехияның өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Йиржи Колибаның айтуынша, Қазақстан мен Чехия арасындағы 9 айдағы сауда айналымының көрсеткіші 500 млн. АҚШ долларын құрап, 121%-ға өскен.

Одан бөлек, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда палатасы мен ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіптік палаталары арасындағы өзара түсіністікті арттыру негізінде Чехия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында іскерлік кеңес құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бұл меморандум қолда бар коммерциялық келісімдерді, сондай-ақ екі ел арасындағы перспективалық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
null 

Соңғы жаңалықтар