Чехия көшелерінде орындалған Шәмші Қалдаяқовтың әні қазақстандықтарды тебірентті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнін орындап жатқан музыканттар бейнеленген видео желіге тарап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеода Чехияның курортты қаласы - Карлова Варыны таныды.

«Батыс қалаларының көшесінде акцентпен айтылған өлеңдеріміз ерекше қабылданады», - деп жазды өзінің Фейсбуктағы парақшасында Парижде тұрып, жұмыс жасайтын қазақстандық экономист Берлин Имашев.
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде шетелдіктердің салған қазақша әнін жылы қабылдап, пікір білдіруде.  

 

Соңғы жаңалықтар