Чех парламентарийі Қазақстан Президенті Жолдауын болашаққа көпір деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Жолдауы - бұл ағымдағы жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес. Ол «Стратегия-2050» бағдарламасы мақсаттарымен үндесетін болашаққа деген сенімді көпір. Мұндай пікірді Чехия Парламенті палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филип білдірді.

«Екінші жаңғыру Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының қабылдануымен басталды. Ендігі уақытта барша қазақстандыққа «Үшінші жаңғыруды» бастауға қарай батыл қадам басу қажет. Ол болжанып отырғандай, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының негізігінде жүргізілетіндігі сөзсіз», - деді чех парламентарийі.

Войтех Филиптің атап өтуінше, ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы республикалық кез келген тұрғыны үшін маңызды оқиға саналады. Әрбір адам одан өзі үшін басты бағыттарды табады. Ағымдағы жылғы Жолдау  бұл бұған дейінгі Жолдауларда белгіленген міндеттерді орындау.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолғы Жолдауы  Қазақстанның болашақтағы дамуында маңызды рөлге ие. Қазақстан жүктелген барлық міндетті жүзеге асыруда зор табысқа жетеріне сенімдімін. Басты мәселелердің барлық спектры бойынша Ұлт көшбасшысы жүктеп отырған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары азат әрі гүлденген Қазақстанды құру мақсатына қол жеткізудің жаңа кезеңіне айналатындығына еш күмәнім жоқ», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар