Цеснабанк Қазақстанның басқа банкін сатып алмайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Цеснабанк» АҚ «Банк ЦентрКредит» АҚ-ны сатып алу ойынан бас тартты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Банк Центркредит» сайтына сілтеме жасап.

«2018 жылдың 14 наурызынан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ мен «Цеснабанк» АҚ үлестес және байланысты тұлғалар болып табылмайды. Банктің жай акцияларының 29,56%-ын құрайтын «Цеснабанк» АҚ-ға тиесілі болған жай акциялардың барлық пакеті «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның ірі қатысушылары Байсейітов Бақытбек Рымбекұлына, Ли Владислав Сединовичке және жеке тұлғалар (миноритарлы акционерлер) тобына сатылды», - делінген хабарламада.

Банк басқармасының төрағасы Ғалым Хусайыновтың хабарлауынша, жасалған мәміле бойынша Бақытбек Байсейітовтің үлесі банктің жай акцияларының 48,07%-ын, Владислав Лидікі - 10,05%-ын құраған. 

Соңғы жаңалықтар