БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жанындағы Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің төртінші отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі жаңа төрағаны сайлау болды. Қатысушылардың басым даусымен Қоғамдық кеңестің төрағасы болып заңгер Евгений Сейпульник сайланды», - делінген БЖЗҚ-ның Facebook-тегі парақшасында.

Қоғамдық кеңеске бұған дейін саясаткер Досым Сәтпаев жетекшілік етті.

Еске салсақ, 2017 жылғы сәуір айының соңынды Д.Сәтпаев БЖЗҚ Қоғамдық кеңесінен шығатынын хабарлаған болатын . Сондай-ақ Кеңес құрамынан экономист Рақым Ошақбаев пен «Қаржылық еркіндік» («Финансовая свобода») қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова да шықты.

Соңғы жаңалықтар