БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі 1 айға ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын жымқырды деп айыпталып отырғандарға қатысты тергеу амалдары бойынша оларды қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасай отырып. 

БЖЗҚ ісіне қатысты күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 8 айға дейін ұзартылды. Сот шешімімен «БЖЗҚ» АҚ экс-төрағасы Руслан Ерденаевқа, БЖЗҚ-ның Тәуекелдерді басқару департаменті қаржылық тәуекелдер басқармасының бұрынғы басшысы Мұса Бахтовқа, «Алатау Мұнай Алтын» компаниясының басшысы Б.Кенжебаевқа, «Бузгул Аурум» ЖШС басшысы А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, қамау мерзімін 8 айға ұзарту туралы шешім шығарды.

Күдіктілер сот басталғанша қамауда 28 тамызға дейін отыратын болды.

Іске қатысы бар деп танылған «МегатрансАзия» ЖШС-ның басшысы Талғат Тұртаев сотқа дейін тағы 1 ай, яғни 23 тамызға дейін қамауда болмақ. Аталған тұлғалардың барлығы ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталып отыр

Бұған дейін БЖЗҚ АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Дабыр Медетбековке қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілген, нақтырақ айтқанда оны қамауда ұстау мерзімі 8 тамызға дейін ұзартылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар