БЖЗҚ басшысы ауысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқармасының төрағасы ауысты, оның басшысы лауазымына Нұрбибі Наурызбаева сайланды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Бірауыздан төрайымы болып Нұрбибі Наурызбаева сайланды», - деді БЖЗҚ АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Бұған дейін ол ҰБ ішкі аудит департаменті директоры болған.

Ұлттық банк БЖЗҚ жеке қаражатын Ұлттық банкке сенімгерлік басқаруға тапсыру туралы шешім қабылдады.

Еске салсақ, сот бұрынғы басшы Руслан Ерденаевқа  қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Сондай-ақ сот Тәуекелдерді басқару департаментінің қаржылық тәуекелдер басқармасының бастығы Мұса Бахытов, «АлатауМұнайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры А. Найзағаринаны қамауға алу шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Соңғы жаңалықтар