БЖЗҚ активтерінің 15 пайызға жуығы қазақстандық банктерге инвестицияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ активтерінің 15 пайызға жуығы қазақстандық банктерге инвестиция ретінде жұмылдырылған. Сәуір айының басындағы инвестициялық портфель туралы БЖЗҚ-да айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, портфельдегі негізгі үлесті - яғни, 44,89 пайызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары құрайды. Есеп беріп отырған айда олардың ағымдағы құны 112,03 млрд теңгеге өсіп, 3 580,47 млрд теңгені құраған. Инвестицияланған зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша екінші орында «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары» тұр.

Олардың портфельдегі үлесі 15,41 пайыздық көрсеткіште. Бұл облигациялардың ағымдағы құны 1 229,20 млрд теңгені құраған. Мөлшер бойынша үшінші орында - «Шетел мемлекеттерінің мемлекеттік құнды қағаздары» қаржы тетіктері тұр. Есеп беріп отырған айда олардың ағымдағы құны 19,15 млрд теңгеге өсіп, 1 105,56 млрд теңгеге, ал портфельдегі үлесі 13,86 пайызға жеткен.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің есебінен алынған осы және өзге де қаржы инстиуттарының тетіктері теңгемен (69,42%), АҚШ долларымен (30,03%) және ресейлік рубльмен (0,45%) сақталған. Инвестициялық портфельдің толық құрылымы БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген.

«2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің 73,26 пайызы минималды тәуекел деңгейімен қаржы тетіктеріне салынған», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 7,97 млрд теңгені құраған.

2018 жылдың алғашқы үш айы бойынша инвестициялық кірістің мөлшері 66 млрд теңгеге жеткен. Үлескерлердің есебіне аударылған БЖЗҚ зейнетақы активтерінің түсімділігі жылдық мазмұнда (2017 жылдың наурызы мен 2018 жылдың наурызы) 8 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар