Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.29
EUR 387.27
RUB 5.56
CNY 49.80

«БЖЗҚ» АҚ экс-басшыларының басты сот талқылауы өтуде

«БЖЗҚ» АҚ экс-басшыларының басты сот талқылауы өтуде
2017 жылғы 15 қараша 11:38 402

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда БЖЗҚ экс-басшысы Руслан Ерденаевтың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Алдыңғы сот талқылауында ол өз кінәсін толық мойындаған болатын. Сот алдында БЖЗҚ экс- басшылығы мен келісім жасасқан компаниялардың өкілдері, жалпы 6 адам жауап беріп жатыр.

Алмалы аудандық соты 2017 жылдың 9 қаңтарында «БЖЗҚ» АҚ экс-төрағасы Руслан Ерденаевқа, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы Мұса Бахытовқа, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаевқа, «Бузгул Аргум» ЖШС директоры А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған болатын. Кейінірек аталған іске қатысы  бар деген күдікпен «Мегатрансазия» ЖШС директорының орынбасары Т. Тұртаев пен «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Медетбеков қамауға алынған еді.

Сотқа дейінгі тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр.

Айта кетейік, жыл басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісімшартын тексерген болатын. Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекетін тексеру өткен жылдың 21 желтоқсанынан басталған.

 

 

Басты сөздер: Алматы, Зейнетақы жүйесі, Сот,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер