Бюджеттің 322 млн. теңгесін қолды етіп, Ресей асқан 2 азамат елге қайтарылды
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылдың наурыз айында Ресей федерациясынан Қазақстан Республикасына, Комиттің экономикалық тергеу қызметімен іздеуде жүрген 2 Қазақстан азаматын елге қайтарды. Олар Батыс Қазақстан облысы бойынша азық-түлік тұрақтандыру қорын аймақтық қалыптастыру және Атырау қаласының оң жағалауындағы су тазарту құрылыстарын салу бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражаттарын жымқырып, кейін Ресей аумағында жасырынған»,-делінген хабарламада.
2017 жылы Ресейдің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды.
«Бұл адамдардың әрекеттерінің салдарынан мемлекетке келтірілген зиян шамамен 322 млн. теңгені құрады»,-делінген комитет таратқан ақпараттарда.
Фото: krasnodar-sochi.ru