Бюджет ақшасын игеру: Бақыт Сұлтанов оңтүстік пен солтүстіктің айырмашылығын тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында облыстардың бюджет ақшасын игеру мәселесі қаралды. Осы орайда ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов солтүстік пен оңтүстік өңірлердің ақшаны бірдей игермей жатуының себебін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 511 млрд теңгеге игерілді. 29 млрд теңгеге орындалмады. Осы жолы солтүстік өңірлер чемпион болып шығып отыр. Қостанай облысы 99,9 процентке, Солтүстік Қазақстан 99,5 процентке, Павлодар облысы 99,2 процентке игеріп отыр. Бірақ мен ойлаймын, басқа облыстар, әсіресе, оңтүстік және батыстағы әріптестеріміз көктемнің сәулесімен жылынып, жаңа айтылған әріптестерін қуып жетуге тырысады деп ойлаймын», - деді Б.Сұлтанов.


Дегенмен, барлық өңірлердің шоттарында қалдық ақшаның көлемі 291 млрд теңгені құрап, жыл басымен салыстырғанда екі есеге өсті. Жылдың басында аталған көрсеткіш 124 млрд теңге болған.

«Бұның барлығы жергілікті қаржы-қаражатты тиімсіз басқаруды, жоғарыда айтып кеткендей кірістерді жоспарлау сапасының төмендегін көрсетеді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударуы қажет», - деп атап көрсетті Қаржы министрі.

Осыдан кейін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев онлайн байланыста отырған әкімдерден жауап алуға кірісті. Премьер-Министр солтүстік өңірлерден бастады. Осы орайда қаржы министрінің сөзін де еске алды.

Осыдан кейін қала мен облыс басшылары бір-бірлеп есеп берді.

Соңғы жаңалықтар