Былтыр СҚО-да Индустрияландыру картасы аясында 9 жоба іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өңір тұрғындарына есеп берген Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Ерік Сұлтанов Индустрияландыру картасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетті.

«2010-2016 жылдары аралығында Индустрияландыру картасы бойынша 47 млрд теңгеге 54 жоба іске қосылып, 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылды, соның ішінде 2016 жылы 8,8 млрд теңгеге 9 жоба іске қосылды», деп мәлім етті Ерік Сұлтанов.

Қазір кәсіпкерлікті қолдау  картасына 41 жоба енгізілді, оның жалпы сомасы 72 млрд теңге.

«К-704-4Р «Батыр» брендімен тракторлар шығаратын Петропавл трактор зауытының ашылуы үлкен жаңалық болды. Бұл - жер жыртатын, топырақты өңдейтін, коммуналдық қажеттіліктерге жарайтын көпбейінді трактор.

Желтоқсан айында Елбасының қатысуымен өткен Жалпыұлттық телекөпір барысында «Тайынша-май» ЖШС-ның майлы дақылдар өңдейтін зауытының бірінші кезеңі іске қосылды. Жоба қытайлық «Айцзю» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды.

2017 жылы құны 7,6 млрд. болатын 6 жоба іске қосылмақ, 300-ден астам жұмыс орны ашылады.

Таяу уақытта Сергеевка қаласында өз шикізатын пайдалана отырып, жылына 10 мың тонна қант шығаратын «Трансагроинвест» ЖШС-ның қант зауытын салу жобасын жүзеге асыру көзделген. Зауытты үстіміздегі жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Кәсіпорынның пайдалануға берілуі облыстың қантқа деген сұранысын 100 пайыз қанағаттандыруға мүмкіндік туғызады.

Соңғы жаңалықтар