Былтыр Қазақстан 120 мың тоннадан астам дəнді жəне майлы дақылдарды экспорттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 120 мың тоннадан астам дəнді жəне майлы дақылдарды экспорттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Компания 2017 жылдағы қызметінің қорытындысы жақын жəне алыс шет елдерге жалпы алғанда 120 мың тоннадан астам дəнді жəне майлы дақылдарды экспорттаған.

«Соның ішінде, Иранға - 56 мың тоннадан артық арпа, Қытайға - 40 мың тоннадан астам бидай мен 0,6 мың тоннаға жуық өсімдік майы, Əзербайжанға - 15 мың тонна бидай, Өзбекстанға - шамамен 5 мың тонна бидай, Бельгияға - 3 мың тоннаға жуық зығыр тұқымы жеткізілген», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар