Былтыр 1,5 мыңнан астам шетелдік тасымалдаушыға айыппұл салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы қазан айының 11-нен желтоқсан айының 31-не дейінгі аралықта еліміздегі көлікті бақылау органдары 26 мың шетел автокөлік құралын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Көлік комитетіне сілтеме жасап.

Комитет жыл сайын өткізілетін «Көліктік бақылау - отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды!» атты акцияны қорытындылады.  Шара барысында көлікті бақылау органдары 26 мың шетелдік автокөлікті тексерді. Нәтижесінде ҚР Көлік заңнамасын бұзғаны және халықаралық келісімдерді сақтамағаны үшін 1 950 шетелдік тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 439-ы рұқсаттама жүйесін бұзғандар. Бұл қатарда 195 ресейлік, 47 қырғыз, 40 литвалық, 30 украиналық, 29 польшалық, 28 түрік және 70 басқа тасымалдаушы бар.

Жалпы, 2017 жылы халықаралық келісім нормаларын және ҚР Көлік заңнамасын бұзған үшін 4 649 шетел тасымалдаушысы жауапкершілікке тартылған. Соның ішінде 1 674 тасымалдаушыға рұқсаттама жүйесін бұзғандары үшін айыппұл салынды. 

Соңғы жаңалықтар