Буxгалтер салық комитетінің мәдениетсіздігі үшін Теңгебаевқа арызданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаевтың төрағалығымен өткен жиын барысында жеке фирманың буxгалтері салықшылардың мәдениетсіздігіне арызданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бүгін ғана Астанадағы Алматы аудандық салық комитетінде болдым. Ол жерде адаммен сөйлесу мәдениеті сын көтермейді. Әттең, бейнекамералар жоқ. Әйтпесе, бәрін көзін бақырайтып тұрып көрсетіп беретін едім. Иә, қызмет көрсету кезінде бәрі дұрыс, ол жағынан ескерту жоқ. Ал, енді инспекторлар мен бастығына жақындай қалсаң, құлағын сарсылып кетеді. Адам сияқты сөйлесе алмайды. Заң бойынша бір нәрсені дәлелдеймін десең, ауыз аштырмайды. Жаңа ғана сол жақтан келдім. 407 кабинетте отыратын бөлім бастығымен ұрысып шықтым. Өзі дөрекі сөйлейді. Базарда жүрген жоқсыз ғой, мен түскі асқа кеттім деп қояды. Бәрін ұялы телефонға жазып алу керек еді. Оның айтқан сөздерінен қан қысымым көтеріліп кетті», - дейді есепші Айнұр Сейілxанова.

Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Ардақ Теңгебаев тиісті шараларды қолға алуға тапсырма берді.

Айта кетейік, комитетте өткен бүгінгі жиында Мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс сапасы қаралды. Осыған орай, «Сандж» зерттеу орталығы арнайы сауалнама өткізді. Оған сәйкес, өткен жылы салық, кеден және экономикалық тергеу қызметтеріне деген xалықтың сенімі 60-80 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар