БҰҰ конференциясында Астана хабының халықарлық ынтымақтастықтағы рөліне назар аударылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов Анталия қаласында ЭКСПО аясындағы «Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы негізіндегі ғаламдық даму 2017» Үшінші аймақтық ынтымақтастық форумына және басқа да шараларға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҰҰ мен Түркия үкіметі ұйымдастырған форум араб мемлекеттері, Еуропа және ТМД елдеріне арналып отыр. Үшінші аймақтық форумда жастар көшбасшылығын ілгерілету арқылы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланған болатын. Жиын барысында сөз сөйлеген Әлихан Байменов мемлекеттік қызметті дамыту бойынша мақсаттарға жетуде жас көшбасшыларға қажет факторларды көрсетті. «Біріншіден, бұл - құндылықтар. Адамдардың абыройын, әркімнің құқығы мен мүддесін, еңбегі мен ұмтылысын, сонымен бірге уақытын өзара құрметтеу мен түсіністікпен қарауға негізделген корпоративті мәдениеттен кез-келген жүйе немесе ұйым тек қана ұтады. Екіншіден, бұл - орта. Егер көшбасшылар адамдар әлеуетін барынша дамытуға және пайдалануға жағдай жасаса, ұйымдар тиімділігі арта түспек», - деді Әлихан Байменов.
null 

Сондай-ақ, ол «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы инновацияны дамытуға арналған цифрлық экожүйе» атты дөңгелек үстелге қатысты. «Бүгінгі өзара байланысқан әрі тез өзгеретін әлемде инновациялардың үкімет пен азаматтар қарым-қатынасы сипатына әсер ететін әр түрлі жаңа сынақтар, мүмкіндіктер және дилеммалар туғызады» деп атап өтті жиында сөз сөйлеген Ә.Байменов.

БҰҰ Даму Бағдарламасы, Түркі Кеңесі, Сингапур және Бангладеш өкілдері сессиялар барысында Астана хабының мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және білім алмасудың тұғырнамасы ретіндегі халықаралық және аймақаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлі аталып өтілді.
null 

Жиын аясында Әлихан Байменов БҰҰ Бас хатшысының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша Уәкілі Хорхе Чедиекпен, БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша Уәкілі Ахмед әл Мераикхимен, БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД елдері бойынша Бюросының аймақтық директорының орынбасары Растислав Врбенскимен, Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Хасановпен, Ислам ынтымақтастығы ұйымының зерттеулер мен оқыту орталығының Бас директоры Мұса Кулакликайямен, Бангладеш, Марокко және Сингапур елдері өкілдерімен кездесті.

Тараптар Астана хабымен ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде мемлекеттік басқару бойынша ғылыми зерттеулер жасау, сараптамалық материалдыр және зерттеулер нәтижелерімен алмасу, оқыту бағдарламасын даярлау бойынша пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар