БҰҰ ҚК солтүстіккорейлік баллистикалық зымыранның сынақтан өткізілуін сынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК) КХДР-дың алты қарарды бұза отырып, баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

«Бұл ұшырылымдар КХДР-дың Қауіпсіздік Кеңесінің 1718, 1874, 2087, 2094, 2270, 2321 қарарлары бойынша халықаралық міндеттемелерді қатаң бұзуы болып табылады», - делінген ҚК мақұлданған мәлімдемеде.

Онымен қоса, ҚК мүшелері ахуалды бақылауды жалғастыруға және «Кеңестің бұған дейін мәлімдеген ниеттеріне сәйкес, одан арғы ықпалды шараларды» қабылдауға уағдаласты, деп жазады Lenta.ru.

«ҚК мүшелері КХДР халқы үлкен мұқтаждықта болып отырған қазіргі жағдайда ел билігі ресурстарды баллистикалық зымырандарға жұмсап отырғанына өкініш білдірді», - делінген құжатта.

Айта кетейік, 12 ақпан күні КХДР әрекет ету радиусы орташа "Пуккыксон-2" ("Темірқазық-2") баллистикалық ракетасын сынады. Рёнхап агенттігінің хабарлауынша, «жер-жер» санатындағы аталмыш стратегиялық зымыран сынақтан сәтті өтті.

Бұдан кейін АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея КХДР-дың ракета ұшыруына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті.

Сәл кейінірек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бұл мәселені 13 ақпанда жабық есік жағдайында талқылайтынын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар