БҰҰ ҚК Сирияда қақтығысты 30 күнге тоқтату туралы қарар қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан 2401 қарарын қабылдады. Бұл қарарда Сирияда қарулы қақтығысты тоқтату қарастырылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА аталған халықаралық ұйымның ресми сайтына сілтемемен.

Қауіпсіздік Кеңес мүшелері ең кемі 30 күн бойы барлық тараптар атысты доғаруын талап етті. Осы уақыт аралығында мұқтаж жандарға көмек көрсетіліп, аурулар мен жараыарды қауіпсіз жерге шығару мүмкін болмақ.

«Атыс тоқтай салысымен барлық тараптар БҰҰ мен оның әріптестерінің гуманитарлық көмегін жеткізетін колонналар үшін апта сайын қауіпсіз қатынас орнатуға атсаллысуы керек» делінген құжатта.

Қауіпсіздік Кеңесі 5,6 мллн сириялық гуманитарық көмекке аса зәру екендігін еске сады. Оның 3 млн-дайы қиын-қыстау аумақтарда орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар