БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Африкадағы бейбітшілік мәселелері талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық брифингі мен жабық консултациялары өтті, хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жиында Батыс Африкадағы бейбітшілікті нығайту мәселелері қаралды.

«Отырыста Батыс Африка мен Сахель (ЮНОВАС) бойынша БҰҰ бөлімінің басшысы және БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Мохаммед Ибн Чамбастың 2018 жылдың екінші жартысында бөлімнің атқарған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды», - делінген хабарламада.

  

Министрліктің хабарлауынша, ЮНОВАС басшысы өз сөзінде өңірдегі көптеген мемлекеттердің (Либерия, Гамбия, Кот-д'Ивуар, Буркина-Фасо және т.б.) саяси және экономикалық өмірінде оң өзгерістер болып жатқанын атап өтті. Әйтсе де, трансұлттық қылмыспен байланысқан терроризмнің әлі де аймақ тұрақтылығына қауіп төндіріп отырғанын жасырмады. Тұрақсыздықтың өзге де себептері ретінде кедейлік, жұмыссыздық және өңір елдеріндегі білім берудің төмендігі атап өтілді. Осыған байланысты, М. Чамбас аталған мәселелерді шешу үшін  халықаралық қауымдастықты көмек көрсетуге шақырды.

Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров қауіпсіздікті нығайту мен гуманитарлық көмек көрсету шараларының экономикалық дамуға кешенді және келісілген негізде көмек көрсетумен бірге, ұзақ мерзімді тұрақты қаржыландыруды жүзеге асыру қажеттігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар