БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға санкция салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері Солтүстік Кореяға су астында зымырандар ұшыруға қатысты қосымша санкциялар салуды қарастыратын резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды newsru.com .

Жаңа санкциялар КХДР-дан темір және қоғасын рудаларын, көмір және теңіз өнімдерін экспорттауға тыйым салады. Сондай-ақ құжатта басқа елдерге солтүстік корейлік жұмысшыларды қабылдауға және КХДР-мен жаңа мәміле мен келісім жасауға тыйым салынатыны атап өтілген. Осындай шаралар солтүстіккорейлік экспорттың үштен бірін қысқартады деп күтілуде. Ол қазір 3 миллиар доллар шамасында.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, құжатқа кеңестің барлық мүшелері қолдап дауыс берген.

Соңғы жаңалықтар