БҰҰ-ға ұсынылатын Қазақстанның 5-баяндамасының жобасы таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Отырыста Қызылорда мен Павлодар облыстарында Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Мәселен, Павлодар облысында бұл бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан 50-ден астам сұраныс бар жұмысшы кәсіби мамандықтарына 329 әйел оқытылды. Павлодар облысы жергілікті өкілетті органдарда әйелдердің үлесі 30 пайызға жақындаған 3 өңірдің бірі саналады. Бүгінгі күні әйелдердің аудандық мәслихат депутаттары арасындағы үлесі 29,4, қалалық мәслихаттарда 27,3, облыстық мәслихатта 21,9 пайызды құрайды.

Ал Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 135 шара ұйымдастырылып, 7 мыңнан аса жас қамтылды. Есепті мерзімде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды  қысқа мерзімде дайындауға 2136 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жіберілді. Оның 1500-і - әйел. Ал «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша өңірде 320 әйел оқытылып, 124 әйел шағын несие алды. Оның 54-і өз кәсібін ашты.

Мұнан бөлек, отырыста 2018 жылдың ақпанында БҰҰ салалық комитетіне ұсынылатын Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны орындау барысы жайында ҚР-дың  5-ші баяндамасының жобасы таныстырылды.

Шара соңында Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар