БҰҰ-да Сириядағы соғысты тоқтатуға арналған қарар жобасы жөніндегі келіссөз басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамлеясы жұма күні Сириядағы соғысты аяқтауды талап еткен қарар жобасы бойынша келіссөзді бастады, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

«Біз Бас Ассамлея БҰҰ жарғысына сәйкес Сириядағы жағдайға байланысты шаралар қабылдауы тиіс деп есептейміз»,- делінген 74 мемлекеттің атынан Канада, Коста-Рики, Нидерланды және Жапонияның БА президентіне жазған хатын келтіреді агенттік.

Бұдан бұрын осы аптада Бас Ассамблеяға мүше мемлекеттердің үштен бірінен астамы Сирияға байланысты ресми кездесу өткізуді сұраған болатын.

Рейтердің ақпаратынша, ол алдағы аптада Канада ұсынған қарарға дауыс беру басталған кезде өтуі мүмкін.

Агенттіктің мәлметтеріне қарағанда, қарар жобасына қаланы қоршауды, жөн-жосықсыз шабуыл жасауды тоқтатып, гуманитарлық көмекке жол ашу мәселесі негіз болады.

Айта кетер болсақ, Сириядағы қақтығыс 2011 жылдың наурызында басталған. Үкімет әскеріне түрлі қарулы құрамалар содырлары қарсы тұруда. 

Соңғы жаңалықтар