БҰҰ бітімгерлері әуе ұшуларын азайтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүкіләлемдік ұйымның бітімгерлік миссияларындағы әуе ұшуларына қатаң үнемдеу режимін енгізді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агентігі.

Бас хатшының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің хабарлауынша, жаңа бастаманың мақсаты - жылына $750 млн жұмсалатын БҰҰ ұшақтар мен тікұшақтар паркіне жұмсалатын шығындарын азайту.

Ұйымның әуе флотының есептеуінше, қазіргі уақытта 58 ұшақ пен 157 тікұшақ 12 бітімгерлік операцияға және алты арнайы саяси миссияға жұмылдырылған. Ұшу аппараттарын мемлекеттер пайдалануға береді.

«Авиация құралдарының логистика мен әскери күш-қуат үшін аса маңызды екеніне қарамастан, оларды пайдаланудың елеулі шығындары ескерілді және бас хатшы өкілдік басшыларына авиация құрамы мен қолдану әдістеріне тұрақты негізге талдау жүргізіп, түзетулер енгізуді, сондай-ақ шығындарды азайту мүмкіндіктерін іздеуді тапсырды», - деді Бас хатшы өкілі.

Жылдан-жылға БҰҰ $5,4 млрд көлеміндегі тұрақты бюджетін және жылына $8 млрд сома шығындалатын бітімгерлік миссияларын қаржыландыратын мүше мемлекеттер ұйымға шығындарды азайтуды талап етіп келеді. 

Соңғы жаңалықтар