БҰҰ басшысы Ирандағы әуе апатында қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Иранда әуе апаты туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабардайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы. 

Ол қаза тапқандардың туыстарына, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының халқы мен үкіметіне көңіл айтты.

Еске салайық, Ирандағы әуе апаты салдарынан 66 адам мерт болды.

Соңғы жаңалықтар