БҰҰ басшылығы Қазақстан бітімгершілері санын арттыруға қызығушылық танытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ басшылығы қазақстандық бітімгершілерге жоғары баға берді. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына ҚР Қорғаныс министрлігінің жауабында осылай атап өтілген.

 «Қазіргі уақытта Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясысында 5 қазақстандық әскери қызметші қызмет атқарып жатыр. БҰҰ басшылығы біздің әскерилердің дайындық деңгейіне жоғары баға берді және олардың санын арттыруға қызығушылық танытты», - деп атап өтілген министрліктің мәліметінде.

Атап айтқанда, бүгінде ҚР Қорғаныс министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, БҰҰ миссиясына әскери бақылаушылар мен штабтық офицерлердің қатысу санын арттыру, сондай-ақ саны ротаға дейін әскери бөлімшені жіберу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Белгілі болғандай, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 13 қазақстандық офицер Батыс Сахара және Кот-д'Ивуарда 12 ай ішінде БҰҰ миссиясына қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, бейбітшілікті және қауіпсіздікті қолдау бойынша халықаралық міндеттерді орындау үшін БҰҰ бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушылар ретінде ҚР Қарулы Күштерінің офицерлерін жіберу жүзеге асырылуда.

2017 жылдың наурыз айында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Мәжіліс депутаттарына БҰҰ миссияларына қатысып жүрген қазақстандық бітімгерлер туралы айтып берген еді. https://kaz.inform.kz/news/korganys-ministrligi-kazakstandyk-bitimgershilerge-zhasalatyn-zhenildikter-turaly-aytty_a3007418

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, «Қазбат» сапына енуге ниеттілер қатары қалың көрінеді. Сондықтан да іріктеудің қатаң тәртібі бекітілген. Осы орайда денсаулық жағдайы, спорттық даярлығы, кәсіби дағдылары, тілдерді меңгеруі, психологиялық тұрақтылығы және басқа да жеке қасиеттері ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар