БҰҰ Бас хатшысы Наурызды тойлап жатқан халықтарды құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Наурыз мейрамын атап өтіп жатқан барша халықтарды құттықтады. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар орталығы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғаламшардағы 300 миллионнан астам адам ежелден көктемгі күн мен түннің теңелуі, яғни жаңа жылдың бастауы ретінде Наурызды атап өтуде. Бұл мейрам адамзатқа бейбітшілік пен тең құқықты ұстануда, сондай-ақ тұрақты дамудағы ұмтылыста мүмкіндіктерді нақтылауға жол ашады», - деді Антониу Гутерриш БҰҰ-да Наурызға арналған шара барысында.
null

БҰҰ Бас хатшысы әлемде ксенофобия мен нәсілшілдік құбылыстары жиі кездесе бастаған бүгінгі уақытта Наурыз мұраты ерекше өзекті екенін атап өтті.

2009 жылы Наурыз мерекесі Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілсе, 2010 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы оны халықаралық күн деп жариялады.
null

Фото Ауғаныстандағы БҰҰ Миссиясында түсірілген/Ф.Ваези

Соңғы жаңалықтар