БҰҰ бас хатшысы Қазақстанға келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 маусымда БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Орталық Азия елдеріне (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан) жұмыс сапармен барады. Бұл туралы Нью-Йоркте журналистерге БҰҰ басшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик айтты, деп хабарлады БҰҰ Жаңалықтар орталығы.

Антониу Гутерришті барлық 5 мемлекетте де ел президенттері қабылдайды, барлық елде БҰҰ бас хатшысы салтанатты шараларға қатысады.

Қазақстанда БҰҰ бас хатшысы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының сессиясында, ал Өзбекстанда орнықты даму мақсаттары бойынша ұлттық форумның ашылуында сөз сөйлейді.

Қырғызстанда Гутерриш Оштағы 2010 жылғы маусым оқиғасының жылдығына арналған шараға қатысады; Тәжікстанда - орнықты даму мәселелері бойынша конференция; Түрікменстанда - Орталық Азиядағы БҰҰ Жаһандық контртеррористік стратегияны іске асыру бойынша жоғары деңгейдегі Ортаазиялық диалогқа қатысады. 

Соңғы жаңалықтар