БҰҰ Бас хатшысы Арал проблемасын қозғады

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесінің министрлер деңгейіндегі отырысында Арал проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде өңірдің экономикалық дамуы тәуелді су қорларын барынша тиімді басқаруға бағытталған жаңа күш-жігер байқалып отыр. Дегенмен аталған ресурстар теңдессіз қысымға ұшырауда. Орталық Азияға жасаған сапарымда Тəжікстанның ғажайып мұздықтарының шамамен отыз пайызының соңғы онжылдықта ғана еріп кеткеніне көз жеткіздім. Арал теңізі бұл ысырапшылықтың, тиімсіз пайдаланудың салдарын еске салатын қорқынышты жайт», - деді ол.
Бас хатшы Орталық Азия елдері бұл экологиялық апаттарды жан жақты ынтымақтастық пен белсенді жұмыстарға тиімді пайдалануы қажеттігін баса айтты. «Орталық Азия елдерінің үкіметтері су қорлары саласындағы ынтымақтастықты жандандыра түсті. Екіжақты су комиссияларын ұйымдастырып келісімдер жасауда. Бұл ауыл шаруашылығы суғаруға тәуелді және оның үлесі бүкіл экономиканың шамамен жартысына тең Ауғанстан үшін жақсы сабақ», - деді А.Гутерриш.

Соңғы жаңалықтар