БҰҰ: Алеппода соңғы күндері 200-ден астам адам мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура мерт болғандардың арасында көптеген әйелдер мен балалардың да бар екендігін айтады, деп хабарлайды tass.ru.

Бұл туралы халықаралық ұйымның Бас хатшысының арнайы өкілі Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл мәжілісінде айтты. Оның сөзінше, провинциялардағы мерт болған азаматтық тұлғалардың саны - 213. Олардың 139-ы шығыс Алеппода, 74-і ауылдық аймақтарда құрбан болған.

Де Мистураның айтуынша, шығыс Алеппода 275 тұрғын бірнеше аптадан бері қоршаудан шыға алмай отыр. «Олардың барлығының террорист болуы мүмкін емес»,-дейді эмиссар.

Ол Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдерін бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарын қорғап қалуға, күн сайын әскери әрекеттерге 48 сағаттық гуманитарлық тыныштық енгізуді, ауру және жарақат алған адамдарды эвакуациялау операцияларын жүргізуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар