Бұрынғы футболшы Каха Каладзе Тбилиси мэрі атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Грузин арманы» басқарушы партиясынан ұсынылған кандидат, футболдан Грузия ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны 39 жастағы Каха Каладзе 21 қазанда өткен Тбилиси мэрі сайлауында 51,06% көрсеткішімен жеңіске жетті. 

Жексенбіде Грузияның Орталық сайлау комиссиясы 727 сайлау учаскесінің барлығынан жиналған бюллетеньдерді санап шығып, осылай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ТАСС.

Екінші орынды тәуелсіз кандидат Алеко Элисашвили (17,46% дауыс) алды, «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясынан шыққан Заал Удумашвили (16,53%) үшінші нәтиже көрсеткен.

1,2 миллион тұрғыны бар грузин астанасының басшысы болуға 13 адам үміт білдірген.

Каха Каладзе 1978 жылғы 27 ақпанда Грузия батысындағы Самтредиа қаласында жергілікті «Локомотив» клубының капитаны Карло Каладзе отбасында дүниеге келген. 1995-1997 жылдары Тбилисидің «Динамо», 1998-2000 жылдары Киевтің «Динамо» командаларында, 2001 жылдан 2010 жылдың мамырына дейін Италияның «Милан» клубы сапында өнер көрсеткен. «Милан» құрамында екі рет Еуропа Чемпиондар лигасының жеңімпазы болды, бес рет Грузияның үздік футболшысы атанды.

Каладзе 2012 жылдың қазанынан осы кезге дейін Грузия энергетика министрі лауазымын атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар