Бұрынғы Дахау концлагерінің ұрланған атақты қақпасы орнына қайтарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі жыл бұрын Дахау концлагерінде ұрланған «Arbeit macht frei» («Еңбек адамды азат етеді») деген жазуы бар тарихи қақпа бұрынғы концлагердің орнындағы мұражайға қайтарылды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Салмағы 100 келіге тартатын қақпа 2014 жылдың қараша айының басында қолды болған еді.

2016 жылдың желтоқсан айында Бавария полициясы хабарлағандай, бұл қақпа Норвегияның Берген қаласының маңынан табылған. Сондай-ақ, оның қалайша бұл елге жеткізілген және оның жоғалуына кімнің қатысы бары хабарланбаған. Ұрлыққа қатысты ешкім тұтқындалмады.

Мюнхен маңында орналасқан Дахау - Германия аумағындағы алғашқы концлагерь болған. Ол 1933 жылы, Адольф Гитлер билікке келгеннен кейін бірнеше аптадан соң ашылды.

Аталмыш орында алғашқыда саяси тұтқындар жазасын өтеген еді. Кейіннен, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында бұл жер өлім лагеріне айналды. Мұнда 30 мыңнан астам адам - негізінен еврейлер мен сығандар өлтірілді.

Соңғы жаңалықтар