Бүркітші қыз туралы фильм шетелдік жұлдызды таңғалдырды

None
None
ЛОС-АНЖЕЛЕС. ҚазАқпарат - «Жұлдызды жауынгерлер. VII эпизод» (Звездные войны) фильмінің жұлдызы Дейзи Ридли 18-қазан күні Лос-Анжелесте қазақ жерінде туған моңғолиялық бүркітші қыз туралы The Eagle Huntress документалды фильмінің премьерасын тамашалады.

24 жасар Ридли документалды фильмнің атқарушы продюсері болып қана қоймай, Айшолпан Нұрғайып туралы осы бір қызықты оқиғаның кадрдан тыс дауысын да салды.

Аталмыш фильмнің режиссері ұлыбританиялық Отто Белл Business Insider порталына сұхбат беріп, Ридлидің Айшолпанның басынан өткен оқиғаларына ерекше толқығандығын айтқан. Ол жас коноактрисаның туындыны тамашалау кезінде көзін жас алғандығын да айтады.

Ал, Ридлидің өзі бүркітші қыз туралы документалды фильмді көріп, оған тәнті болғаны соншалық, осы керемет туындының бір бөлшегіне айналуға бірден келісімін бергендігін жеткізді.

«Меніңше, көрермендер соның ішінде әсіресе қыз балалар бұл оқиғаны лайықты бағалайды және одан қайталанбас әсер алады деген ойдамын. Мен осы оқиғаны әлемге тарата алатыныма қуаныштымын»,-деген ойымен бөлісті Голливудтың болашақ жұлдыздарының бірі Deadline.com. порталына берген сұхбатында.

Ал, Айшолпан мен оның әкесі Нұрғайып Рыс Ридлиді көріп, Голливудтағы таныстырылым кезінде Отто Беллуға жолығу үшін сонау, Моңғолиядан ат арылтып келген.

Айта кететін мәселе - бүркітші қыз туралы фильм Нью-Йорк пен Лос-Анжелес кинотеатрларында 28 қазаннан көрсетіле бастайды.

Соңғы жаңалықтар