Бүркітші қазақ қызы туралы фильм «Оскардың» басты үміткерлер тізіміне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка кино академиясы «Оскар» сыйлығын алуға бір қадам қалған 15 толықметражды деректі фильм тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кино саласындағы ең жоғары сыйлыққа үміткерлердің қатарында атақты америкалық режиссер Отто Беллдің Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпан туралы «Бүркітші қыз» (The Eagle Huntress) атты деректі фильмі де бар. Алдағы уақытта үміткер фильмдердің ішінен 5-еуі таңдап алынып, олар мәртебелі сыйлыққа ұсынылатын болады. Ал нәтижесі 24 қаңтарда жария етіледі.

Аталған тізімге «The Eagle Huntress» деректі фильмінен бөлек режиссер Ава Дювернейдің «13th», Кирстен Джонсонның  «Cameraperson», Роберт Кеннердің «Command and Control», Джанфранко Розидің «Fire at Sea», Джей Клей Твилдің «Gleason», Рауль Пеканың «I Am Not Your Negro» сынды туындылары бар.

Естеріңізге сала кетсек, фильм ата-баба дәстүрін жалғастырған бүркітшілік өнерді меңгерген қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып жайлы. Бұл негізінен ерлерге тән кәсіп. Әлемде бұл өнермен тек 2 нәзік жанды ғана шұғылданады екен. Олардың екеуі де - қазақ. Екіншісі Қазақстанда тұратын бүркітші Мақпал Әбдіразақова. Бүркітші қыз туралы деректі фильм 28 қазаннан бастап Нью-Йорк пен Лос-Анджелес кинотеатрларында көрсетіліп жатқанын атап өткен жөн.

Sia - Angel by the Wings Сия соңғы жылдардағы ерекше көзге түскен әншілердің бірі. Ол жұртшылықты жұмбақтығымен таң қалдырып жүр. Ол жүзін жасыру үшін қара-ақ түсті парик киеді.

Отто Белл Ұлыбритания режиссері, алайда Нью-Йоркте жұмыс істейді. Ол 15-ке жуық қысқа метражды фильм түсірген. Айшолпан Нұрғайып әкесі, анасымен бірге 6000 мильді еңсеріп, Моңғолиядан АҚШ-қа, Парк-Ситиге келді. Бүгінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасының көрнекі тізіміне материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің шешіміне сәйкес аңға құс салу, қазақ күресі және т.б. енген.

Аделаиданың 40 жастағы тумасының алғашқы альбомы 1997 жылы шыққан. Алайда Сия Ферлер 2008 жылы ғана танылды. Оның жеті альбомы бар. Көп орындалатындары - Titanium, Elastic Heart және Chandelier.

Соңғы жаңалықтар