Бұрқасынға байланысты республиканың екі облысында автокөлік қозғалысы тоқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Сарыөзек-Көктал» автожолының Қоғалы ауылынан Басши ауылына дейінгі 40-80 шақырымдағы бөлігінде жүк көліктеріне шектеу енгізілді.

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Қарағанды облысында ауа райы жағдайының нашарлауынан (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург-Алматы» жолының Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі 1353-1444 шақырымында барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды.

Соңғы жаңалықтар