Бұрқасын салдарынан еліміздегі 7 өңірде көлік қозғалысы тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда автокөлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Қазақавтожолдың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін 20.02.2017 ж. Ақмола облысында ауа райы жағдайының нашарлауынан (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) мына автожолдарда барлық көлік түрлерінің жүрісіне шектеу енгізілді: 

1.«Екатеринбор-Алматы» 1280-1353 шақырымдар, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық;
2.«Астана-Ерейментау-Шідерті»16-205 шақырымдар, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық;
3.«Астана-Киевка-Теміртау» 16-51 шақырымдар, Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық.

Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) Ембіден Шалқарға дейінгі «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 92-258 шақырымдарында барлық автокөлік түрлеріне салынған шектеу өз күшінде қалады.

Алматы облысында ауа райының нашарлауынан (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) Көктұма ауылынан Достық ауылына дейінгі «Үшарал-Достық» автожолының  83-184 шақырымдарында қрзғалыс тоқтаған.

ШҚО-да ауа райы жағдайының нашарлауынан (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) барлық автокөлік түрлері үшін шектеу қойылды:
1.«Өскемен -Шемонаиха-РФ шекарасы» 108-123 шақырымдар, Шемонаиха ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралық;
2.«Омбы-Майқапшағай» 587-733 шақырымдар, Павлодар облысынан Семей қаласына дейінгі аралық;
3. «Семей-РФ шекарасы-Барнаул» 2-113 шақырымдар, Семей қаласынан РФ шекарасына дейін;
4. «Өскемен-Семей» 10-198 шақырымдар, Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейін;
5. «Омбы-Майқапшағай» 756-900 шақырымдар, Семей қаласынан Қалбатау кентіне дейін.
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан (қар, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) мына автожолдарда барлық көлік түрлерінің жүрісіне шектеу енгізілді:
1.«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 шақырымдар, Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейін;
2.«Екатеринбург-Алматы» 1353-1424 шақырымдар, Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейін;
3. «Екатеринбор-Алматы» 1492-1854 шақырымдар, Қарағанды қаласынан Балқаш қаласына дейін;
4.«Қызылорда-Павлодар» 970-1135 шақырымдар, Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін;
5. «Қызылорда-Павлодар» 433-905 шақырымдар, Топар ауылынан Жезқазған қаласына дейін.

Павлодар облысында ауа райы жағдайының нашарлауынан (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) барлық көлік түрлеріне барлық бағыт бойынша шектеу енгізілді.
СҚО-да ауа райының қолайсыздығынан (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) төмендегі автожолдарда барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді:
1.«Жезқазған-Петропавл» 705-785 шақырымдар, Новоишимка ауылынан  Сергеевка ауылына дейін;
2.«Екатеринбор-Алматы» 836-854 шақырымдар, Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін. 

Соңғы жаңалықтар