Бурабайдан Астанаға 200 жолаушы электрпойызбен жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қаңтар күні Астана-Щучье автожолының ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылуы салдарынан Астана-Бурабай курорты бағыты бойынша қатынайтын электрпойызда жүктеме артып кетті. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Щучье-Бурабай курорттық аймағына көлікпен келген адамдарды барынша көп көлемде тасымалдау үшін оларды Астанаға электрпойызбен жеткізу туралы шешім қабылданды. Осылайша 200 жолаушы елордаға жөнелтілді», делінген хабарламада.

«Қала маңы тасымалы» АҚ басшылығы қалыптасқан жағдайға байланысты жолаушылардан түсіністік танытуды және уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар