Бурабайдағы вокзалға көпшіліктің көңілі тола ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге Бурабай курортындағы теміржол вокзалының жұмысы бойынша депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бурабай курортына демалуға баратындардың арасында егде жастағы және денсаулығы нашар адамдар аз емес. Осы орайда курорт стансасындағы вокзалға жеткен бетте туристер мен жолаушылар мүлдем түсініксіз кедергілер мен қолайсыз жағдайға тап болады»,-деді Мурадов.

Оның сөзіне қарағанда, стансадағы платформа рельстік жолдың деңгейінде орналасқан. Осының салдарынан ары-бері жүріп жатқан жолаушылар қолдарындағы жүктерімен қинала отырып, төмен және жоғары қарай жүруге мәжбүр болады.

Бұдан бөлек, депутат ҚТЖ желісі бойынша бірқатар жолаушылар пойыздары курорт стансасында 5-тен 8 минут аралығында ғана аялдайтынын атап өтті. Осы уақыт жолаушылар үшін өте аз және адамдарды әбігерге салатын көрінеді.

Сонымен бірге жекеменшік тасымалдаушылар пойыздары стансада 13-25 минут аралығында тоқтап тұрады. Бұл өз кезегінде жолаушылардың пойыздарға емін-еркін отыруына жағдай жасайды.

А. Мурадовтың айтуынша, жыл сайын Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жолдарды жөндеуге, су құбырлары мен кәріз жүйесінің құрылысына, жаяу жүргіншілер мен велосипед жодарын салуға 61 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Оның ішінде көліктік-логистикалық инфрақұрылымға 6 млрд 241 млн теңге қарастырылады. Тәулігіне аталған стансадағы теміржол вокзалы арқылы 15 жұп пойыз жүреді, ал жалаушылар ағынының орташа деңгейі 1410 дамды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар