Бурабайдағы Абылай хан мұражайы жəдігерлермен толықпақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайдағы Абылай хан мұражайы Ақмола облыстық тарихи-өлкентану мұражайының жəдігерлермен толығатын болады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің ауданға сапары барысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сапар барысында аймақ басшысы Щучинск-Бурабай курортты аймағының жазғы демалу маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады.

Абылай хан мұражайында болғанында аймақ басшысы мұнда қосымша сөрелер қойып, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорындағы жəдігерлермен толықтыруды жəне қазіргі заманғы ақпараттық тақтайшалармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазіргі кезде аталмыш мұражай өз қорынан Бурабайға Ақмола облысының тұрмыс-тіршілігі, тарихынан сырт шертетін 100-ге жуық жәдігер жеткізуге дайын. 

Одан әрі аймақ басшысы Бурабай кентін көркейту бағытында қолға алынған көшелерді жөндеу және абаттандыру жұмыстарына назар аударды. «Береке» орталық базары мен жағажай аумағын туристік маусым кезінде тазалауды, санитарлық эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстауды және қоғамдық тəртіпті  сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Əсіресе, халық көп жиналатын аумақтарға бейнебақылау камераларын орнату қажеттігін атап өтті. 

Сонымен қатар «Риксос» қонақ үй кешенінің ЭКСПО-ға дайындығы мен Гольф клубтың құрылысына көңіл бөлді. 

Айта кетейік, курортты аймақта аумағы 130 шаршы метр гольф клубы салынып жатыр. Онда «Чемпионат» класты 18 гольф алаңы, клаб-хаус жəне VIP-виллы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар