Бурабайдағы Абылай хан алаңында жарық шамдары ұрланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысының Бурабай курорттындағы Абылайхан алаңында жарық шамдарын ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мəліметі бойынша ағымдағы жылдың 18-ші қаңтарында Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Абылай хан алаңында 4 жарық диодты шамның жоғалғаны туралы арыз түскен. «Бурабай даму» ЖШС қызметкерінің сөзіне қарағанда, жоғалған шамдар жақында ғана алаңдағы жаяу жүргіншілер жолының бойына орнатылған. Келтірілген шығын көлемі 900 мың теңгеге бағаланып отыр.


«Жедел іздестіру шарасы барысында Бурабай кентінің 25 жастағы тұрғыны қолға түсті. Күдіктінің осыған дейін де дəл осындай қылмысы үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол ұрланған заттарды сатып, пайда таппақ болған», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, үстінен ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар