Бурабайда жас жігіт квадроциклден құлап ауыр жарақат алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері квадроциклден құлап ауыр жарақат алған жігітке қатысты оқиғаны тексеруге кірісті.

Оқыс оқиға Бурабай кентінде 18 шілде күні сағат 17.00 шамасында болған,  деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінің кезекшілік қызметіне аудандық ауруханадан 18 жастағы жігіттің ауыр халде жеткізілгендігін айтып қоңырау шалған.

Жігіт ашық бас жарақатымен келіп түскен. Миы шайқалған. Оның мотокөліктен құлап ауыр жарақат алғаны белгілі болды. Оқиға орнына аудандық ІІБ жедел тексеру тобы  келіп жеткен.

Зардап шеккен Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны  квадроциклды жалға алып, шлем киместен көлікті басқарған.

Квадроциклдің рөліне ие бола алмай қалған ол жоғары кернеулі бетон бағанаға соғылып, басын ұрып алған.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 1-тармағы бойынша (жол қозғалысы ережелерін бұзу) іс қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар