Бурабайда төбелес шығарған шенеуніктерді жұмыстан шығаруға кеңес бердік - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалдиновтің айтуынша, Бурабай кентінің "Шаңырақ" дәмxанасында төбелес шығарған шенеуніктерді жұмыстан шығару туралы рекомендациялар берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, тексеріс кезінде Бурабай ауданында жұмыс істейтін шенеуніктердің төбелеске қатысы бар екені расталды. Соның негізінде этика жөніндегі кеңестің отырысы ұйымдастырылып, тиісті рекомендациялар берілді. 

"Бурабай ауданының әкімі атына құжаттар жіберілді. Оған сәйкес, әкімнің орынбасары Құдайбергенов пен аппарат басшысы Жауқовқа қатысты жұмыстан шығару туралы рекомендация берілді. Ал Бурабай кентінің әкімі Темірбековке қызметіне толық сай емес деген ескерту жасалды", - деді Б.Беспалдинов.

Айта кетейік, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы арасындағы төбелес қарашаның 6-сы күні "Шаңырақ" дәмxанасында болған. Соның салдарынан қоғамдық тамақтану орнына 500 мың теңгеге шығын келді. Сол жерде Бурабай кентінің әкімі де болып, төбелескен екі шенеунікті арашалаған.

Соңғы жаңалықтар