Бурабайда экологиялық қауіпсіз биоотын өндірілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында экологиялық қауіпсіз биоотын (пеллет) өндірілуде. Орман шаруашылығы қалдықтарынан сықпа түйіршіктер дайындаумен жергілікті «Орман аймағы» ЖШС айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орман шаруашылығы» ЖШС экологиялық таза отын шығаратын Қазақстандағы тұңғыш кәсіпорын. Компания алғашқы зауытты Петропавл қаласында іске қосқан болатын. Ал, өткен жылдың қараша айында пайдалануға берілген Бурабайдағы кәсіпорын қазірдің өзінде 500 тонна биоотын дайындап үлгерді. Мұндағы зауыттың жылдық қуаты 3000 тоннаға есептелгендігін ескерсек, алдағы уақытта маңызды істің қарқын алатыны белгілі.

Компания басшысы Андрей Петроченконың сөзінше, биоотынның жылу беру қуаты көмірден еш кем түспейтін көрінеді.

«Пеллет Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Ресейде отын ретінде ертеден пайдаланылатынын айтады. Ағаш қалдықтарының сықпа түйіршіктері - жоғары құнарлы отын. Мұның пайдалы коэфициенті 95 пайызды құраса, көмір мен газдың көрсеткіші, сәйкесінше 50 және 30 пайызға тең. Нақтылай түссек, жылу беру қуаты көмірмен тең екі тонна пеллет қымбат бағалы дизель отыны мен сұйытылған газдың бір тоннасын алмастыра алады»,-дейді Андрей Петроченко.
null 

Биоотынның бір тоннасының құны 35 мың теңгеге бағалануда және бұған деген сұраныс күн сайын өсе түсуде. Қазіргі күні компания биологиялық таза өнімді республика аумағына жеткізумен қатар, Қытайға да экспорттауда.

Баламалы отын өндірісі жобасы құрылтайшының жеке қаржысы есебінен іске асырылды. Бурабайдағы зауыттың игілікке жаратылуына 120 миллион теңге жұмсалған. 
null 

Соңғы жаңалықтар