Бурабайда Ботай мәдениеті жаңғыртылады

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабайда курортында Ботай мәдениеті жаңғыртылады. Бұл туралы аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің тарих ғалымдарының докторы, археология профессоры, 20-шы ғасырдың жаңалығы-Ботай мəдениетін ашқан Виктор Зайберт жəне "EQUUS" көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұхановпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде "Қазақстанның рухани киелі жерлері" жобасы шеңберінде әріптестік мәселелері талқыланды.

Осы орайда, Ақмола облысы әкімдігі мен ғалымдар бірлесіп, Бурабайда Ботай мəдениетін жаңғыртуды жоспарлап отыр.
null 

Виктор Зайберттің сөзінше, біздің дəуірімізге дейін 6 мың жылдықта қазіргі Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар жəне Қостанай облыстары аумағында үлкен тарихи оқиға орын алған.

"Дəл осы жерлерде ат-көліктік коммуникация дəуірі қалыптасып, далалық өркениет бастау алған. Мұның барлығы көне Ботай мəдениетімен байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бағдарламалық мақаласында жаһандық экономикалық процестерді  алға қойып, рухани құндылықтарды ұмытып кететінімізге ерекше назар аударған болатын. Сол себепті, біздің жобамыздың басты мақсаты да осы- дүние жүзіне еліміздің тарихын паш ету", - деді В.Зайберт.
Ботай мəдениетін жаңғырту жобасын жүзеге асыруға "EQUUS" көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұханов та өз үлесін қосатын болады. Оның айтуынша, ат-көліктік коммуникация бойынша адамзат тарихы туралы көркем фильмді көрген адам сол Ботай мəдениеті мен Бурабай курортына келгісі келетіні анық", - деді продюсер.
null
Еске сала кетейік, жақында Ақмола облысында "EQUUS" көркем кинотрилогиясы түсірілген болатын. Аталмыш фильмді болжам бойынша 60 мемлекетте 1 миллиардтан астам адам көреді деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар