Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік тыйым салынған препараттар тізімін жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) 2017 жылға спортшылардың пайдалануына тыйым салынған жаңартылған тізімді жариялады. Жаңа тізімде мельдоний де бар.

WADA басшысы Крейг Риди спортшылардың жаңа тізіммен танысуына 3 ай барын атап өтті. «Оларда уақыт жеткілікті. Әлем спортшылары осы стандартқа сай болуы тиіс, бұл ережелерді қасақана бұзған спортшы жазаланатын болады», - деп мәлімдеді ол.

Тыйым салынған препараттардың жаңартылған тізімі 2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді, деп хабарлады ұйымның ресми сайты.

Соңғы жаңалықтар