Бухарестпен арадағы серіктестікті жоғары деңгейге көтеруге мүдделіміз - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Румыниямен арадағы ынтымақтастық пен серіктестікті жоғары деңгейге көтеруге мүдделі. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар шет мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміз Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес Румыниямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары дамытуға мүдделі. Румыния экономикасының энергетика саласында Қазақстан салған инвестиция мемлекеттеріміз арасындағы корпорацияның айшықты айғағы болып саналады. Біз Бухарестпен арадағы ынтымақтастық пен серіктестікті жоғары  деңгейге көтеруге мүдделіміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Румыния Елшісі Чезар-Маноле Армянуға қарата.

Айта кетерлігі Мемлекет басшысына Румыния Елшісінен бөлек Оңтүстік Корея Елшісі Ким Дэ Сик, Индонезия Елшісі Рахмат Прамоно, Сербия Елшісі Владан Матич сенім грамотасын табыс еткен болатын. 

Сенім грамотасын қабылдау рәсімі аяқталған соң Елшілерге сөз арнаған Қазақстан Президенті егемендігіміздің 25 жылдық тарихында Қазақстан шетелдік серіктестермен сындарлы диалог орнатқанын баса айтты.

«Сол арқылы еліміз бейбіт өмір, қауіпсіздікті сақтау ісіне зор үлесін қосып келеді. Сіздердің мемлекеттеріңізбен арадағы қарым-қатынаста да елеулі жетістіктеріміз бар. Қазақстандағы дипломатиялық қызметтеріңіз ресми түрде басталуымен шын жүрегіммен құттықтаймын. Бұл өте бір тарихи жағдайда өтейін деп отыр. Сіздердің жұмыстарыңыз елдеріміз араасындағы ынтымақтастықты одан ары дамытуға ықпалын тигізеді деп сенемін», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар