Бұғыны атқан сәт түсірілген атышулы видеоны Ауылшаруашылық министрлігі тексереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитеті барлық облыстардағы аумақтық инспекцияларға видеоға түсіріліп, Желіде тараған бұғыны ату оқиғасының заңды екендігін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сонымен қатар, жануардың қай түрге және оның ішінде қандай түршеге  жататындығын анықтау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Зоология институтына сауал жіберілді», - деп айтылады ҚазАқпараттың ресми сауалының жауабында.

Фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған видео қолданушылардың наразылығын тудырды.

Кейбіреулердің болжауынша, видеода өлтірілген жануар - ҚР Қызыл кітабына енген тоғай бұғысы. Бүгінде Қазақстанда ондай небәрі 716 бұғы бар.

Соңғы жаңалықтар