Бүгін VIII қысқы Азиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматыға келіп қонады

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін VIII қысқы Азиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматыға келіп қонады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Астана уақытымен 16:30-да Сеул-Алматы бағытымен VIII қысқы Азиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматыға келіп қонады. Оның ішінде, биатлон, шаңғы, конкий және Азиада ойындарының чемпиондары атанған хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері бар.

Ал кейбір спортшыларымыз елге бармастан Саппородан тікелей өзге мемлекеттерде өтіп жатқан жарыстарға аттанып кетті.

VIII қысқы Азиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Алматы әуе жайында күтіп алам деушілерге есік ашық.

Естеріңізге сала кетейік, Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы 32 медаль жеңіп алды. Оның 9-ы алтын,  11-і күміс, 12-сі қола медаль. Жалпы командалық есепте Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайдан кейін төртінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар