Бүгін үш боксшымыз алтынға таласады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында үш қазақ боксшысы алтынға таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, бокстан Гамбург қаласындағы өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы күні. Кіл мықтылар іріктеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер толықтай белгілі болмақ. Қазақ елінің атынан алтынға Қайрат Ералиев (56 кг), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және (91 келіге астам) Қамшыбек Қоңқабаев таласады.

Әлем чемпионатының финалдағы жарыс кестесі:

49 келі:

Hoanis Arhilagos (Куба) - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);

52 келі:

Жосван Виития (Куба) - Жасурбек Латипов (Өзбекстан);

56 келі:

Қайрат Ералиев - Дюк Раган (АҚШ);

60 келі:

Лазаро Альварес (Куба) - Софиан Умиа (Франция);

64 келі:

Икболжон Холдаров (Өзбекстан) - Энди Крус Гомес (Куба);

69 келі:

Шахрам Ғиясов (Өзбекстан) - Ронел Иглесиас (Куба);

75 келі:

Әбілхан Аманқұл - Александр Хижняк (Украина);

81 келі:

Хулио Сесар la Cruz (Куба) - Джозеф Уорд (Ирландия);

91 келі:

Евгений Тищенко (Ресей) - Эрисланд Савон (Куба);

91 келі:

Қамшыбек Қоңқабаев - Магомедрасул Межидов (Әзірбайжан).

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына Қамшыбектен өзге Қайрат Ералиев (56 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шыққан болатын. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар