Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауып, қатты жел тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты жел күтіледі, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста, орталық өңірде бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, түнде  кей жерлерде 30 м/с-дан асады, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с; кей жерлерде 30 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

Жамбыл облысының  кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні  23-28 м/с,  оңтүстік-батысында 30 м/с-дан асады,  түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысында түнде  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с,  күндіз кей жерлерінде15-20 м/с, кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, туман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады,  күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар